Мақтаралдық диқандар өнімі піскен кезде су тапшылығын сезініп отыр. Себебі Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан арқылы өтетін «Достық»каналындағы су деңгейі төмендеп кеткен. Соның салдарынан шіліңгір шілденің аптапты ыстығында 50 мың гектар жердегі егін қанып су іше алмай отыр. Оның 28 мыңы - ақ алтын. 

 

Акажан АЛИМОВ, ДИҚАН:

1600 гектар жерге мақта еккеніміз бар, жеріміз суға қарап тұр. «Су болмаса, хаят жоқ» деген нәрсе.

 

Керімбек ДОСЫМБЕКОВ, ДИҚАН:

Міне20 күн алдын суғаруымыз керек еді тіпті ең кем дегенде екі рет су ішуі керек.Біз бер рет те суғара алмай жатырмыз.Мақта күйіп бара жатыр.

 

Үш елдің аумағы арқылы өтетін  каналмен секундына 70 текше метрге дейін су  келуі керек. Алайда, бұл көрсеткіш екі есе азайған.

 

Жамантай БЕЙСЕНБАЕВ, МАҚТАРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бүгінгі таңда сумен толық қамтамасыз ете алмасақ, мақтадан 10-15центреге дейін барлық дақылдардан өнім жоғалтамыз.  Ол өнім қайтып орнына келмейді.

 

Ислам ӘБІШЕВ, ҚР АШМ СУ РЕСУРСТАРЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Төрт мемлекеттің арасындағы келісімнің іске аспауы. Келісімнің іске аспауының басты себебі - Сырдарияның ең жоғарысында отырған Қырғыз Республикасының азаматтары бізге мүмкін емес талаптар қойып отыр. Соның бірі. Ол суды алу үшін Қырғыздың электр энергиясын біз алуымыз керек. Сонда суды көберек қосады. Егер біз оны алсақ, қараша, желтоқсанда қайтарып бер деп отыр. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер