Ішкі істер министрлігі "Пробация туралы" заң жобасын қазан айында Парламент қарауына ұсынбақ. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев Астанада өткен халықаралық дөңгелек үстел барысында айтты. Түзеу мекемесінен шыққан азаматтарды оңалтуды көздейтін құжаттың кем-кетігін анықтап, озық тәжірибе енгізу үшін  Нидерланды, ҰлыБритания, Румыния мен Ресейден сарапшылар арнайы шақырылды. Айту керек, былтыр елімізде пробация қызметі  құрылған болатын. Өткен жылы түзеу мекемесінен босаған 16 мың адамның 11 мыңына осы қызметтің шарапаты тиген. Бұл қадам қайта жасалған қылмыс санын азайтуға мол септігін тигізді. Бүгінде 28 мың адам пробация қызметінің есебінде тұр.

 

Мейрам АЮБАЕВ, ҚР ІІМ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

38 мың адам пробациядан өтті 2014 жылы. Ал 2015 жылы - 48 мың. Сонда 9 мың адам пробация қызметінің есебінен көп өтті. Соған қарамай есепте тұрған азаматтардың қайта жасаған қылмыстары 33 пайызға азайды. Бұл жаңадан енгізілген Қылмыстық Кодекстің нәтижесі деп ойлаймыз.

 

 

Сурет: khabar.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер