Атырау облысында мұнай мен газ саласынан бөлек, өндірістің басқа да түрлерінде тұрақты өсім байқалады. Бұл туралы бизнес-омбудсмен Болат Палымбетов мәлімдеді. Ол өңірге жергілікті кәсіпкерлермен кездесу үшін арнайы барды. Басқосуда іскер топ өкілдері бизнесте қолбайлау болатын мәселелерді жайып салды. Олардың негізгісі жерге қатысты болса, салық төлемдері мен мемлекеттік сатып алуға қатысу және оны жүзеге асыру жайы да кеңірек сөз болды. Кездесуде көтерілген ұсыныс пікірлердің бір де біреуі назардан тыс қалмайды,деп атап өтті кәсіпкерлер құқын қорғау жөніндегі уәкіл.   

 

Болат ПАЛЫМБЕТОВ, ҚАЗАҚСТАН КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ:

Кездесуде кәсіпкерлер тарапынан бұрынғыдай өтініш емес, ұсыныстар көп айтылды. Атыраулық іскер азаматтардың мемлекеттік жеке меншік әріптес ретінде сөйлеуі бізді қуантады.

 

 

Сурет: palata.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер