Бразилия армиясы Олимпиада кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайын. Қазір әскерилер соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Ел билігі халықаралық шара барысында жаппай тәртіпсіздіктердің болу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Жүргізілген сауалнама нәтижесіне сәйкес, бразилиялықтардың жартысы Олимпиадаға мемлекет бюджетінен қомақты қаржының жұмсалып отырғанына наразы. Сондықтан ойындар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін 85 мың әскери, тәртіп сақшылары мен арнайы қызмет өкілдері жұмылдырылмақ. Бұған қоса, Олимпиада өтетін мерзімде арнайы басқару орталығы мен АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Испания және басқа да мемлекеттердің мамандарынан құралған барлау орталығы да қызмет етпек.   

 

Айта кетейік, Рио-де-Жанейро Олимпиадасы тамыздың 5-і мен 21-і аралығында өтеді. Бұл Оңтүстік Америкада ұйымдастырылған алғашқы Олимпиада ойындары болмақ.  

 

Сурет: kazdala.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер