Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады. Кездесуде Елбасы министрліктің дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі жұмыс тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті. Мәдениет саласын жан-жақты дамытудың, азаматтардың  патриоттық рухын нығайтудың маңыздылығына да назар аударды. Арыстанбек Мұхамедиұлы қазіргі уақытта діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы заңнамаға жүйелі өзгерістер енгізу жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлім етті. Сондай-ақ, ел Тәуелсіздігінің 25  жылдығын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын және Қазақстан спортшыларының алдағы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына дайындығының  барысы туралы баяндады.

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 

Бірнеше мәселелер бар, министрлікке байланысты. Мәдениеттің жұмысы - барлығы өз алдына, кейбір салалар жақсы жұмыс істеп жатыр. Кейбір салалардың жағдайы бар. Сонан кейін министерствоның құзырындағы мынау дін мәселесі жөніндегі жұмыстар бар. Сондықтан өздерің істеп жатқан жұмыстарыңды маған баяндау үшін шақырдым.

 

Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

 

Қазіргі 2016 жылғы өткізіп жатқан шаралар- ол Қазақстан егемендігінің 25 жылдығы. Соның аясында өзіңіз бекіткен жарлыққа байланысты қазірдің өзінде 115 шара өтті. Оның ішінде негізгі шаралар енді әрине ол қыркүйек, қазан, желтоқсан айларында болады. Сонымен қатар қазір шетелдерде 56 халықаралық конференциялар өтті біздің қазақстанның 25 жылдық егемендігіне арналған. Алдыңғы қатарда шетелде 41 халықаралық конференция өткізуіміз керек. 

 

Сурет: szh.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер