«Қазақстанда жасалған» тауарларды саудалайтын интернет дүкен ашылады. «NADLoc» жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі өкілі Әсемгүл Балықбаева  осылай деп мәлімдеді. Жақында ғаламтор желісінде «Универмаг kz.» деген атаумен тіркелетін дүкенде тек отандық өнім ұсынылатын болады. Бұған жергілікті тауар түрлеріне деген сұраныстың артуы сеп болған. «Қазақстанда жасалған» деген жазуы бар логотипті еліміздің 25 мыңнан аса сауда орны қолданып жатыр. Сондай-ақ, бүгінде 16 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған 150-ге тарта отандық компания бір қауымдастыққа біріккен. Бұдан бөлек, қазірдің өзінде қазақстандық тауарлар 30-дан астам елде кеңінен танылып үлгеріпті.

 

Әсемгүл БАЛЫҚБАЕВА , «NADLOC» ЖЕРГІЛІКТІ ҚАМТУДЫ ДАМЫТУДЫҢ ҰЛТТЫҚ АГЕНТТІГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 

Бүгінде төл өнімімен экспортқа шығуға дайын отырған  қазақстандық кәсіпорындар баршылық. Бізге тауарының сапасына шүбә келтірмеу мақсатында «Қазақстанда жасалған» бірыңғай логотипімен қоса, сертификат алу үшін 224 млн теңгенің 132 өтініші келіп түсті. Бір қуантарлығы - бұған тек ірі облыс орталықтарында шоғырланған кәсіпкерлер ғана емес, шалғайдағы елді-мекендердің шағын бизнесі де ниет танытуда. 

 

Сурет: gosindex.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер