Астана Медицина университетінің оқытушылары 700 жылдық тарихы бар итальяндық университетте білімдерін  шыңдайтын болады. Оқу орны мен Ла Сапиенца Рим университетінің Медицина мектебі арасында тиісті меморандумға қол қойылды. 5 жылға таман уақыт бойы тығыз әріптестік орнатқан оқу орындары ауқымды жоспар құрып отыр. «Беделді университеттердің бірімен мұндай меморандумға қол қою жоғары оқу орнында студенттерге ақпаратты жеткізу және болашақ дәрігерлерді оқыту бағдарламасын қайта қарастырып, жетілдіруге жол ашады»,- дейді Астана медицина университетінің ректоры Мәжит Шайдаров.

 

Мәжит ШАЙДАРОВ, АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

 

Стратегиялық серіктестігіміз бірнеше бағдарлама бойынша болады. Білім беру бағдарламалары ғылыми жағынан, неврология, кардиология жағынан, ана мен бала өлімін азайту бағдарламасымен жұмыс істейміз деп ойлап отырмыз  әріптестерімізбен.

 

Стефано РАВАНЬЯН, ИТАЛИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

 

Мұндай меморандумға қол қою – әріптестігімізді жаңа деңгейге шығарады. Екі елдің профессорлары, оқытушылары денсаулық сақтау жүйесінің мамандарын даярлау бойынша тәжірибе алмасады.Өйткені  сала тек білікті кадрлардың арқасында ғана дамытуға болады. 

 

Сурет: stab.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер