Ұлттық музей суретшілері алғаш рет танымал картинаның үлкейтілген көшірмесін жасады. Мамандар тәжірибе үшін австриялық суретші Питер Иохан Гайгердің "Ғұндардың аландармен шайқасы" атты туындысын таңдап алған. Суретті салу үшін 5 ай уақыт кетіпті. Кескіндемелік туындының тұсаукесері "Ұлы дала елі - әлемдік өнерде" атты жоба аясында өткізілді. Бұл идея мекеме директоры Дархан Мыңбайға тиесілі. Картина Ұлттық музейдің орталық залдарының бірінде ілулі тұр. Оны кез келген адам барып тамашалай алады. Тарихына тоқталсақ, Питер Иоханн Гайгер 1850 жылы Шығыс елдеріне сапарға аттанады. Сол кезде ол жергілікті халықтардың тұрмысы мен тарихын саралап, бірнеше туындыны дүниеге әкеледі. 

 

Асхат АХМЕДЬЯРОВ, СУРЕТШІ:

 

Ғұндар Рим империясына келгенде, қолдарында тек арқан мен садақ қана болған. Аландардың қолында кәдімгідей жақсы қару жарақ болған. Дегенмен олар ұтылған. Содан әлемде үлкен өзгеріс басталды. Соны осы картинада австриялық суретші жақсы көрсеткен.  

 

Сурет: kz.otyrar.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер