Арал ауданы «Қамбаш» көлінде су асты балық аулаудан Қазақстанның ашық чемпионаты аяқталды. Өңірде алғаш өткен жарысқа Астана қаласы, Ақтөбе, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының спортшылары өзара сынға түсті. Екі күнге созылған сайыста жалпыкомандалық есеп бойынша Ақтөбе облысының спортшылары І орынды иеленді. ІІ орынды Маңғыстау облысы еншілесе, үшінші жүлде астаналықтарға бұйырды. Ең ірі балық ұстаған ақтөбелік Мәлік Ермақашевқа арнайы жүлде берілді.  Федерация басшылары енді жарыс кестесін жаңартып, өңірлік біріншілік өткізуді жоспарлап отыр.

 

Константин МИЛЯЕВ, ҚР СУ АСТЫ БАЛЫҚ АУЛАУ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

 

Бұл жарыстарды осымен 10 жыл бойы өткізіп келеміз. Елдің барлық аймақтарынан балық аулаушылар қатысады. Осы Чемпионаттан кейін біз тағы бір жарыс ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Оны да осы жерде өткізетін шығармыз. 

 

Сурет: nevsepic.com.ua

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер