Оралда жас өрт сөндірушілер слёті өтіп жатыр. Қазақстан, Ресей және Германия командалары қатысқан халықаралық сайыс 10 күнге ұласады. Жарыс аясында түрлі байқаулар мен спорттық шаралармен қатар, алғашқы медициналық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігі бойынша семинар-тренигтер мен шеберлік сабақтары өтеді. Жас өрт сөндірушілер слёті 2013 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Орал қаласының командасы 2014 жылы Мюнхенде өткен халықаралық слётке қатысса, былтыр көршілес Ресейдің Саратов облысына барып қайтты. 

 

Нұрлан ТАУБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

Бұл слётқа Қазақстаннан басқа Ресей және Германия мемлекеттерінің балалары, командалары келіп қатысуда. Әр командада 10-12 баладан. Бұл слёттың негізгі бағыты - жастарды өрт қауіпсіздігіне баулу, мемлекетаралық тәжірибе алмасу. 

 

Сурет: www.vesti.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер