Бүгінгі министрлер кабинетінің кезекті жиыны Алматыдағы оқиғаларға байланысты бір минут үнсіздікпен басталды. Оқиғаға қатысты соңғы мәліметтермен әріптестерін Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов құлағдар етті. Премьер-министр жағдайды қатаң бақылауға алып, ел тыныштығын сақтау бойынша  жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді. Бұдан былай террорлық әрекет жасағаны үшін бас бостандығынан айыру мерзімі ұзартылатын болады. Владимир Жұмақановтың айтуынша, қазір тиісті заң жобасы түзілген.

 

Үкімет отырысында қаралған мәселелердің бірі елдің әлеуметтік-экономикалық аяқалысы. Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сөзіне сенсек, жалпы ішкі өнім 0,1 пайызға өскен. Құрылыс, ауыл шаруашылығы дамудың екпінін көрсетті. Экспорт пен импорт айналымы сәл төмендегенімен басқа салалар орнын толтырып, көрсеткіш қалыпқа келген. Сыртқы сауда 4,5 млрд. АҚШ доллармен оң деңгейде қалып отырмыз.

 

Қуандық БИШІМБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ҚЭИ ағымдағы жылғы қаңтар-мамырдағы 99,0%-ға қарағанда 99,3%-ды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі бірінші жартыжылдықта 8,5%-ға  ұлғайды. Инвестициялардың ең салмақты өсуі ауыл шаруашылығында 48,6%-ға, өнеркәсіпте 12,8%-ға және жылжымайтын мүлікпен операцияларда 5,4%-ға байқалып отыр.

 

Қаңтар-маусым айлары аралығында мемлекет бюджетіне 4 трлн.141 миллард теңге түскен. Шығын да сол шама. 4 трлн.598 миллард теңгеге жуық. Дифицит көлемі 458 миллиард. Қаржы министрінің орынбасары Руслан Даленовтың айтуынша жыл басынан бері салықтан келген пайда, шығынды азайту мен жекешелендіруден көп ақша құйылған. 

 

Руслан ДАЛЕНОВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бірінші жарты жылдықта жоспар асыра орындалып, бюджет табысы 3  триллион теңгені еңсерді. Ал, шығыстар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  жарты триллионға артып,  4,6 триллион теңге болды. Республикалық деңгейде қазына қаржысын игеру 99,4 пайызға өссе, мемлекеттік бюджетті орындау 98,7 пайызды құрап отыр. Бұл экономиканы тұрақтандыруға айтарлықтай серпін берді.

 

Банктердің серпіні де сергек. Алтын валюта қорыны да біршама артқан.

 

Қуандық БИШІМБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

Жыл басында 28,1 млрд. доллар болса, қазір 30,5 млрд. долларға жетіп отыр. Демек, 2 млрд. долларға артты.

 

Сондай-ақ, жиында Үкімет 2015-2019 жылдарға арналған үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын мақұлдады. Ондағы жобалар барысын инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбеков танысытырп шықты. Оның айтуынша бағдарламаларды жүзеге асыруға 600 млрд. теңге қажет.

 

Жеңіс ҚАСЫМБЕКОВ, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ:

2025 жылда Қазақстан аймақтық нарықта өз орнын тауып, өнімдерін тонналап шетке шығарады. Егер жоспарланған жобалар сәтті іске асса, индустриясы қарқынды дамыған елдердің қатарына енеміз.

 

Отырыс соңында Кәрім Мәсімов осы қарқыннан танбай, алдағы қалған жарты жылды да ойдағыдай аяқтауды тапсырды.

 

 

 

Сурет: 365info.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер