Қазақстан-Кувейт сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия отырысы өтеді. Қос мемлекет арасындағы алыс-берісті нығайтуға бағытталған бас қосу алдағы қараша айының 2 мен 4 аралығында Кувейтте ұйымдастырылмақ. Бұл жөнінде БАҚ өкілдерімен кездесу барысында еліміздің Кувейттегі елшісі Алмас Әбдіраманов мәлімдеді. Алқалы жиында түрлі салалар бойынша әріптестік аясын кеңейту көзделуде. Әсіресе, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы мен құрылыс салаларындағы байланысты үдете түсуге басымдық берілмек. Бұл орайда, алдымен  мал шаруашылығы өнімдерін шетке шығару бойынша келіссөздер жүргізу жағы қолға алынған. Бүгінде екі жақты сауда-саттықтың жәй-күйі көңіл көншітпейді дейді, елші. Өйткені, қазіргі таңда тауар айналымы небәрі 74 мың доллардан сәл асып жығылады. Оның басым көпшілігі Қазақстаннан шығарылатын экспорттың үлесінде. Әзірге Кувейтке елімізден метал тасымалданса, сырттан бояу импортталады екен.    

 

 

Алмас ӘБДІРАМАНОВ, ҚР КУВЕЙТ МЕМЛЕКЕТІНДЕГІ ТӨТЕНШІ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

Кувейт етті көп тұтынатын мемлекет. Ал Қазақстанда болған кувейттіктердің өзі біздің еттің дәміне қызығып отыр. Қазір бұл мемлекеттің бірқатар компаниялары қазақстанның мал шаруашылығы өнімдерін  тасымалдауға ниет білдірді. Сондай-ақ, олар отандық ауыл шаруашылығына инвестиция салуға дайын екенін жеткізді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер