Күні кеше Алматыда қаза тапқан полиция қызметкерлері ертең туған жеріне жерленеді. Бүгін тұрғындар Алмалы аудандық ішкі істер департаментінің алдына гүл қойып, бейбіт күнде кісі қолынан қаза тапқандарды еске алуда. Естеріңізге салайық, кешегі атыстан алты адам көз жұмған. Оның төртеуі полиция қызметкері, ал екеуі қарапайым тұрғын. Сегіз адам жарақат алды. Жалпы бүгін Алмалы аудандық ішкі істер департаментінен бөлек, қаланың төрт жерінде гүл шоқтарын қою рәсімі жүріп жатыр.  

 

 

 

Сурет: tengrinews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер