Ұлытау мен Арал арасын жалғайтын жаңа туристік бағыт әзірленді. Өткен айдың 15-де Астанадан аттанған "Ұлытау-Арал" экспедициясы межелі жоспарды орындап, орталық Қазақстан мен Арал аймағын байланыстыратын далалық жолдарды анықтады. Топ өкілдерінің айтуынша, ғалымдар үшін бұл туристік бағыт тың жаңалықтар ашуға сеп болмақ. Сондай-ақ, Арал теңізінің гидробиологиялық жағдайын зерттеуге жол ашылады. Айта кетейік, сапар аясында Ұлытаудың оңтүстік бөлігі мен Барсакелмес қорығы және Арал теңізінің түбіндегі көне қала Кердері мен Жаңакент қамалының қираған үйінділері зерттеліп, құнды мәліметтер жиналды.

 

Қанат САМАРХАНОВ, ЭКСПЕДИЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫ:

Экспедиция барысында, далалық геодозиялық өлшеулер жасадық. Мұның не қажеті бар деген сұрақ туындау мүмкін. Бұл геодезиялық өлшеулер болашақта ғарыштық суреттерді географиялық байлау үшін. олардың кардинаттарын дәлірек анықтау үшін қажет. Жұмыс барысының нәтижесінде 30-дай нүктелер анықталды. Бұл JPS нүктелердің қажеттілігі бүкіл картагрофияға бастапқы мәлімет есебінде қолданылуы мүмкін.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер