Атыраудағы мұнайхимиясы технопаркінің құрылыс бірнеше жыл бұрын басталған болатын. Қазір мұнда бәсекеге қабілетті өнімдер өндіріледі. Полипропиленен дайындалатын өнім азық-түліктердің сыртын қаптау және жеңіл өнеркәсіп саласында жоғары сұранысқа ие. Сонымен қатар бұл зауытта жылына 4 мың тоннадан астам полиэтилен пленкалары және 48 миллион дана полипропилен қапшықтар шығарылады. Толықтай жаңа технологияларға негізделген зауытта жылына 110 миллион шақырым пленка өндіріледі.

 

Николай РОМАНОВ, ӨНДІРІС ЖЕТЕКШІСІ:

Біздің өнімдердің сапасы көршілес Ресей немесе Еуродақ елдерінің тауарынан ешбір кем емес. Мынадай заманауи техникалармен жұмыс істеу үшін білікті маман қажет. Біздің жұмысшыларымыздың орта жасы 25 және мамандардың 80 пайызының жоғары білімі бар.

 

Қазіргі зауытта екі ауысыммен 250 адам еңбек етіп жатыр. Кәсіпорындағы өзге цехтар толықтай қосылған кезеңде жұмысшылар саны төрт жүзге дейін жететін болады. Отандық мұнай-химиясы саласының іргесін қалаушылардың дені шетелдерде біліктілігІн жетілдірген жас мамандар.  

 

Айдын ҚОЖАХМЕТОВ, ИНЖЕНЕР:

Біздің мақсатымыз азық-түлік өндіретін кәсіпорындарды сапалы әрі денсаулыққа зиянсыз полимер өнімдерімен қамтамасыз ету. Осы бағытта  барлығымыз жұмыла іске кірісіп жатырмыз. Сұранысқа сай тауар өндіріп Қазақстан мұнай хтмясының өркендеуіне үлес қорсқымыз келеді.

   

Зауытқа шикізат әзірге сырттан тасымалданады. Еліміздегі тұңғыш  интеграцияланған мұнайгаз химиясы кешеніндегі өзге кәсіпорындар болашақта қажетті шикізатты өзімізде өндіретін болады. Өндіріс өнімі тек импортты алмастырып қана қоймайды, алдағы жылдары экспортқа тауар шығаруды да жоспарлап отыр.   

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер