Батыс Қазақстан облысында кезекте тұрған 2 мың 278 отбасыға жер телімі биыл берілетін болды. Бұл мақсатқа үкімет қорынан қосымша 1,2 млрд теңге бөлінген. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы инженерлік-коммуникациялық жүйелерді тартуға жұмсалмақ. Ақ Жайық өңірі бойынша тұрғындарға жер телімі ең көп берілетін аудан - Бөрлі екен. Онда биыл 1 мың 623 адам жеке үй салатын жер алады. Ал облыс орталығының іргесіндегі Зелёнов ауданында жыл соңына дейін кезекте тұрған азаматтарға 360 жер телімі үлестірілуі тиіс.

 

Қайрат ТӨЛЕГЕНОВ, ЗЕЛЕНОВ АУДАНДЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

"Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша ауданға 250 млн. ақша бөлінді. Ол деген электр желілері және сумен қамтамасыз ету жөнінде. Володар ауылынан 200 адамдайға беріледі. Переметный ауылынан 200, соның 100 учаскесін беріп бастаймыз құрылыс аяқталғаннан кейін. Сонымен қатар Белес ауылында жоспар дайын.

 

 

 

Сурет: liter.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер