Мәжіліс депутаттарының аймақтарға жұмыс сапары жалғасуда. Солтүстік Қазақстан облысына ат басын тіреген депутат Сапархан Омаров бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады. Солардың бірі – облыс орталығында былтыр ашылған стоматологиялық клиника. «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой түзеген мекемеде 20-ға жуық адам еңбек етеді. Клиника биыл 4 млн теңгенің мемлекеттік тапсырысына ие болған. Соның арқасында зейнеткерлер жарым жандар мен көпбалалы аналар тегін емделеді. Бұдан соң, мәжіліс депутаты қоғамдық қабылдау өткізіп тұрғындардың өтініш тілектерін тыңдады. Александр Ещанов - Петропавл қаласында кірпіш зауытын іске қоспақ. Алайда «Даму» қоры кәсіпкерге кепілдік бермей отыр.

 

Александр ЕЩАНОВ, КӘСІПКЕР:

Бүгінгі күні облыста бұл кірпіштерге деген сұраныс өте жоғары. Өйткені біздің өңірде мұндай өндіріс ошағы жоқтың қасы. Ал өнім болса, негізінен Ресейден әкелінеді. Сондықтан осы жобаны жүзеге асырсақ деген ниетіміз бар.

 

Сапархан ОМАРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Дамумен бірге отырып сол мәселені былай жақсылап, айқындап қарауға көмектесеміз. Енді бұл жаңағы материалды өзім айтып кеттім экологиялық таза және бағасы жағынан төмен. Ең бастысы бұл жердегі шығарылатын кірпіштің мына Қазақстандық материалдары 99 пайзызға жетіп отыр. Бұл дегеніміз біз үшін маңызды нәрсе.

 

 


Сурет: ortcom.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер