Экономиканы - сұлулық құтқарады!  "Нұр отан" партиясы жанындағы "әйелдерге қолдау" эксперттік тобы осы қағидаға сенеді. Себебі олар бірнеше қоғамдық қормен бірлесіп үш жылдан бері ауылдағы әйелдерге бизнес жобасын бастауға көмектесіп келеді. Осы жолы эксперттік топ Ақмола облысындағы аулыдардың біріне келді. Жұмыссыз отырған және өзін-өзі жұмыспен қамтыған әйелдермен кездесіп семинар-тренинг өткізді. Үш жылда 5 мың азаматша бизнестің қыр-сырын үйреніп 21-і арнайы грантқа ие болған. Биыл тағы 10 грант үздік бизнес-жобаның иесіне табысталады. Бұл шамамен - 1 млн 200 мың теңге. Ұйымдастырушылар "жасыл" технологияларды қолдана отырып өз істерін ауыл-аймақтарда бастағысы келетін азаматшаларға ден қойып отыр.

 

Майра АЙСИНА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

ЭКСПО-ға шамамен 5 млн адам келеді деп. Оның бір млн шетелдік азаматтар болса, қалған 4 млн өзіміздің елдің адамдары. Дегенмен оларды тамақтандыру керек, оларды күту керек және келген шетелдік адамдар кішкене қалтасына ақша салып келеді ғой Қазақстаннан бірдене ала кетсек дегендей. сувенирный продукция дейміз. Бір жағынаен біздің дәстүрлерімізді көрсетуіміз керек. соның бәрін кім көрсете алады? Ауылдың әйелдері. Үйде отырған әйелдер қолдарынан бәрі келеді.

 

 

 

Сурет: ortcom.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер