Қызылорда өңірінде екі бірдей отбасы үшем сүйді. 34 жастағы Салтанат Қарбоз шекесі торсықтай ұлдарын - Ерасыл, Нұрасыл мен Жанасыл деп атапты. Сәбилер айы-күні жетіп өмірге келген. Ал мерзімінен бұрын босанған байқоңырлық 22 жастағы Гүлзира Шағатаева 3 қыз баланы дүниеге әкелді. Дәрігерлер Әмина, Алина және Ләйлә есімді нәрестенің жағдайы бір-қалыпты дейді. Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен «Ақ орамал» акциясы аясында бақытқа бөленген аналар мен сүйкімді сәбилерге сыйқұрмет көрсетілді. Айта кетейік, жыл басынан бері аймақта 8 мыңнан астам бала жарық дүние есігін ашыпты. 120-сы - егіз де 3-еуі - үшем.

  

Салтанат КАРБОЗ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Үлкен бірінші үйде қызымыз бар. Енді 3 інісі болады. Бірінші УЗИ-ге түскен кезде үшем деп айтқан кезде қуанып қалдым өзім. Үшеуіне енді әжелері көмектеседі үйге келіп.

 

Гүлнар ЖҰМАШЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛЬДЫ ОРТАЛЫҚТЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Жүкті әйелдеріміз үнемі дәрігер бақылдауында болды. Орталыққа келіп босанып, 1 үшеміміз кішкене уақытына жетпей босанды. Салмағы 2 келінің маңайында. 2-сі уақытына жетіп босанып, 2-ң де анасының да, балалардың да дендері сау. Осы кезде үйлеріне шығуға дайындалып жатыр.

 

 


Сурет: www.nur.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер