Алматы қаласында орын алған оқиғаларға байланысты Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесін өткізді. Жиын кезінде еліміздің Ішкі істер министрі Қалмұханбек Қасымов, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақанов пен Кеңестің басқа да мүшелері елдегі болған жәйттерді баяндады. Өз кезегінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, құзырлы органдарға қажетті көмек көрсету бойынша тапсырма берді.

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 

Сегодня в Алматы произошел террористический акт, который, к сожалению, снова привел к человеческим жертвам. Выражаю соболезнования близким погибших полицейских и местным органам и соответствующим ведомствам принять все меры для того чтобы поддержать семьи и помочь как положено по закону и все что не обходимо сделать.

 

Шұғыл жиын қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа Алматыға барып, әкіммен бірге қаладағы жағдайды тұрақтандыруды тапсырды. Сондай-ақ ақпарат және байланыс министріне халыққа дер кезінде хабар таратып, азаматтардың сауалдарына орай жедел іс-әрекет жасау қажеттігін міндеттеді. Айта кетейік, бүгін таңертеңгі сағат 11-лер шамасында Алматының бірнеше ауданында атыс-шабыс болып, 3 сақшы, бір бейбіт тұрғын қаза тапты. Жараланғандар  да бар. Күдіктілер көпке ұзамай қолға түсті.қазір тергеу амалдары жүруде. 

 

Сурет: shalkarfm.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер