Жамбыл облысы Жуалы ауданында ашылған шағын тігін цехы жұмыс пен табыстың көзіне айналған. Осындай жеке ісін бастаймын деушілерді демеп, кәсібін кеңейтуге «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы септігін тигізіп жатыр. Мәселен, Бауыржан Момышұлы ауылының тұрғыны мемлекеттік жобаның арқасында 5 бірдей адамды жұмыспен қамтып, тірлігін тіктеп алды. Үкіметтік бағдарлама арқылы жеңілдетілген несие алып, қондырғыларын жаңартып алды.

 

Гүлмира ӘСЕМОВА, КӘСІПКЕР:

 

Арнайы осы ғимаратты соқтық. Бұны соққаннан кейін қалтамызда қаражат қалған жоқ. Мемлекетке бағдарламаға жүгіндім. Кәсіпкерлер палатасының қолдауы болды. Облыстық халық банкінен 12 миллионға жуық қаражат алып 2015 – те. Мынау оборудованиенің бәрі сол қаражатқа келген дүние.

 

Кәсіп иесі бірден 20 жаңа тігін машинасын сатып алған. Бірі кесте тігуге, енді бірі матаны тесіп, пішуге арналған. Қазір «Қазақстанда жасалған» белгісін алу үшін құжаттарын жинақтап қойған. Келешекте цех жанынан қолының ебі бар ауыл келіншектерін үйрететін оқу курсын ашпақ.

 

Жанат ҚОНЫСБАЕВА, ЖҰМЫСШЫ:

 

Аптасына 6 күн жұмыс. Тапсырыс кезінде демалмай істейтін кездер де болады. Күніне 2 көйлек. Массовка кезде 5 көйлекке дейін тігеміз. Жалақымыз тұрақты.

 

Қуаныш МЕШЕЛОВ, ЖУАЛЫ АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

 

480 миллион теңгеге былтыр қолдау түрлерін алды. Екінші деңгейлі банктен және инфрақұрылым бойынша. 2 - тоқсанда үш қолдау түрлерін алды. Қазіргі таңда бізде тағы да 9 жоба бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз.

 

Өткен жылы Жуалы ауданында «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 10 жоба қатысып, қолдау тапқан. Ал биыл 13 жоба ұсынылып отыр. Олардың басым көпшілігі қызмет көрсету саласына бағытталған. 

 

Сурет: egemen.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер