Атырауда жаңа сауда орталығы ашылды. Ойын-сауық орталығы әлеуметтік бағытқа басымдық беріледі. Атап айтсақ, жергілікті және отандық тауар өндірушілерге айрықша жеңілдікпен сауда орындары ұсынылады. Жалпы, көлемі 25 мың шаршы метрді құрайтын жаңа сауда орталығында ең алдымен Қазақстандық тауар өндірушілерге 100 пайыздық  жеңілдік жасалмақ. Құрылтайшылар еліміздегі шағын және орта бизнес өкілдері өндіретін өнімнің жергілікті тұтынушыларға делдалсыз жетуіне қолдау көрсетпек. Сондықтан  мұндағы тауарлардың 80 пайызы отандық үлгіде болмақ.  Жаңа нысанда қазірдің өзінде 300-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды.

 

Аслан БАЯЗИТОВ,  ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

 

Қазақстанда бірінші рет  ашылып отыр, Атырау қаласында. Өте үлкен, кең, бізге ұнап жатыр. Бағалары сәйкесімді екен, қол жетімді. Алдағы уақытта осындай базарлар Атырауда көбейе берсе екен деп тілейміз ойын-сауық орталықтары. Тауарлары өте жақсы, сапалы, аралап жүрміз. Бізге балаларға керек заттар сок, памперс сияқты отбасылық заттар бәрі арзан, қолжетімді.

 

Қайрат АЙТБАЙ, САУДА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ:

 

Өздеріңіз білетіндей Елбасының жүргізіп отырған саясатында оның ішінде Бизнесті қолдаудағы 2020 жылға дейінгі бағдарламасында көрсетілген негізгі қадамдарды біз өзіміз сол 5 институтционалды реформаның ішінде 100 нақты қадамда көрсетілгендей шағын бизнесті, орта бизнесті қолдауға көрсетіліп отырған жеңілдіктерді пайдалана отырып біз басқа шетелдерге емес өзіміздің елге инвестиция құю мәселесін қойып осы Атыраудан бастап отырмыз.

 

Сурет: iskernews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер