Қазақстан басшысы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға қарулы төңкеріс жасау әрекетіне байланысты жеделхат жолдады. Онда Елбасы жекелеген теріс пиғылды күштердің Түркияда қарулы төңкеріс жасау әрекеті туралы хабарды үлкен алаңдаушылықпен қабылдағанын атап өткен. Қазақстан басшысы қайғылы оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларының қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтады. Және бауырлас түрік халқын бірлестікке және болған оқиғаға қатысты төзімділік танытуға шақырып, жағдайдың тезірек ретке келетініне сенім білдірген. «Түрік халқы мемлекеттің демократиялық жолмен сайланған қазіргі басшылығымен бірге барлық сын-қатерлерге төтеп беріп, демократия және өркендеу жолындағы тұрақты дамуын жалғастыратынына еш күмән келтірмейміз», – делінген жеделхатта.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер