Шымкенттегі кілем шығаратын фабрика өндіріске қажет жіпті толығымен өзі өндіруге көшті. Бұл импорттық шикізатқа деген тәуелділікті азайтты.

 

Қуан ЫСҚАҚОВ, КІЛЕМ ФАБРИКАСЫНЫҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

Соның арқасында біз қазір өзіміздің кілемдердің 10 пайыздан аса бағасын арзандата алдық. Бұл - бір жақсы жағы. Екінші жақсы жағы бар, соның арқасында біз алуан, түрлі-түсті кілемдер шығаруға мүмкіндігіміз болды.

 

Қазір мұнда қазақи ою-өрнек басылған кілемдер тоқылып, «Қазақ кілемдері» деген брендді қалыптастыру қолға алынды.

 

Салтанат БЕРДИЯРҚЫЗЫ, ОПЕРАТОР:

Мен шығарып жатқан ою-өрнекті, әдемі кілемдер адамдарға қуаныш сыйлайды, көңілін көтереді. Сол үшін де мен осы жерде істеп жатқаныма қуаныштымын. Және айлығым да жақсы.

 

Талғат ЫСҚАҚОВ, КІЛЕМ ФАБРИКАСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Қазақтың әр оюында мағына бар. Сол қазақы ою-өрнекті пайдаланып, «Қазақ кілемдері» деген бренд жасағымыз бар. Оны тек өз елімізде емес, әлемге таныту.

 

Фабрика өткен жылы 2,2 миллион шаршы метр кілем тоқыпты. Биыл одан әлдеқайда көп шығарамыз деп отыр. Өйткені, өнімдері шетелге көптеп сатыла бастаған. Орта Азия елдері, Ресейден көп тапсырыс түскен. Халықаралық компаниямен келісіп, Еуропа елдерінде де саудалап жатыр. Әрине сапасы жоғары болған соң. Ол жақтағы тұтынушылары қазақтың оюы басылған кілемдеріне қызығатын көрінеді.

 

 

 

Сурет: m.khabar.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер