Ауасы да, суы да дертке шипа Алакөл  еліміздегі табиғаты сұлу демалыс орындардың бірі. Сондықтан көл жағасынан туристер үзілген емес. Алматылық Гульвира Зульярова отбасымен келген. Турситерге Алакөлдегі демалыс базаларының қызмет көрсету сапасы ұнайды. Өйткені мұнда үлкендер мен балалардың көңіл көтеруіне бар жағдай жасалған.

 

Гульвира ЗУЛЬЯРОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 Туризмді дамыту керек, біздің өзіміздің осындай керемет жайларымыз бар. Алакөлді көрсеңіз, Ыстық көлден де, Жерорта теңізінен де өте жақсы,суы жылы тұнық, күшті керемет, судан шыққың келмейді.

 

Ал, тыл ардагері  Надежда Побелуева мен немересінің Алакөлге алғаш рет келуі. Шет елдің көрікті жерлерін көрген көнекөз әжейдің айтуынша, ондағы демалыс орындарының Алакөлден артықшылығы жоқ.

 

Надежда ПОБЕЛУЕВА, ТЫЛ АРДАГЕРІ:

Біз Тайландта,Қытайда, Түркияда болдық. Алакөлге алғаш келдім. Шынымды айтсам,  таң қалдым. Бұдан былай жыл сайын келетін боламыз.  Өйткені суы жылы, жеңіл, таза, емдік қасиеті бір бөлек әңгіме. Ғарышкерлер де осында демалады деп естідік. Бұл деген керемет емес пе.

 

Демалушылардың көптеп келуі кәсіпкерлерге табыс әкелетіні түсінікті. Мәселен, Омаровтар отбасы жақында ғана жекеменшік демалыс базасының құрылысын аяқтады. Оған 30 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсады.

 

Мадияр ОМАРОВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:

Білесіздер, Қабанбай атамыз жорықтан қайтқанда ем қабылдаған мекен, біздегі мақаншы жағы емдік қасиеті бар, бұл жерге үкімет жағынан да көңіл бөлініп жатыр.

 

Жалпы жаз мезгілінде Алакөлге 250 мыңға жуық демалушы келеді.  Ал заманауи демалыс орындары көбейіп, инфрақұрылым жақсарса, болашақта бұл көрсеткіш еселеп артуы мүмкін.

 

 

 

Сурет: yk-news.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер