Ақмола облысының Бұланды ауданына қарасты Капитоновка ауылының тұрғындары жайылымдық және шабындық жерлердің жыртылуына алаңдап отыр. Олар бұл туралы Мәжіліс депутаты Жексенбай Дүйсебаевпен жүздескенде айтты. Сондай-ақ, ірі серіктестіктердің егіс алқаптарына тікұшақпен пестицидтер төгуінің салдарынан өткен жылы үй жанындағы көкөністер өспей қалған. Ауылдағы ағайын осы жайттың биыл қайталанбауын қалайды. Халық қалаулылысы бұл мәселелерді тиісті органдарға жеткізетіндігін айтты. Сонымен қатар, ол ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен өзге де тетіктер жайлы баяндады. Шағын қожалықтардың кооперативтерге бірігуі ауыл тұрғындарына мол мүмкіндік береді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы арқылы өз ісін ашып, кәсіпкерлікпен айналысуға да болады. Бүгінде Капитоновка ауылында қазір мыңға жуық тұрғын бар. Олардың көбі жергілікті серіктестікте жұмыс істейді және үй шаруасымен айналысады.  

 

Жексенбай ДҮЙСЕБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Өздерінің қосалқы шаруашылықтарындағы өндіріп жатқан қазіргі уақыттағы ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей делдалсыз нарыққа шығару мәселесі. Бұл бір. Екіншісі жаңағы, қазіргі уақытта, мынау, жергілікті атқарушы органге, ауылдық округтерге 2018 жылдан бастап өзінің бюджеті болады. Соған дайындық мәселелері.

 

 

 

Сурет: liter.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер