Қазақстан

Халықаралық көлік дәлізінің құрылысы биыл аяқталады

28.06.2016 21:43

Батыс- Еуропа-Батыс Қытай көлік дәлізінің құрлысы биыл толығымен аяқталады. Бүгін халық алдында есеп берген Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек осындай жағымды жаңалықпен бөлісті. Бүгінгі таңда, 200 мың шақырымдық тас жол төселді. Атап айтсақ, Шымкенттен Ресейге дейінгі, нақтыласақ Орынбор қаласына шығатын аумақ, Тараз-Алматы бағыты пайдалануға берілді. Ал, Алматы-Қорғас, Шымкент-Ташкент бойынша жол құрлысы әлі жүріп жатыр. Жолдардың жағдайына тоқталған министр, ел аумағындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының шамамен 84 пайызы жақсы, не қанағаттанарлық жағдайда деп сендіреді. 2010 жылдан бері 5 мың шақырым жол жөнделген. "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша іске асуы тиіс инфрақұрлымдық жобалар да басты назарда. Бұл мақсатқа биыл 330 млрд тенге бөлінбек.

 

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ:

Ағымдағы жылы жөнделетін және салынатын жолдардың жалпы ұзындығы 1700 шақырым. Бір жыл ішінде құрылыс жұмыстарына 75мың адам жұмылдырылады. Бұл тек нұрлы жол бағдарламасы шеңберінде ғана. Ал, жалпы жол құрлысы саласында 100мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. 2017-2019жылдар аралығында "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында құрлыс жұмыстары қарқынды жүруі тиіс. Бұл уақыт аралығында 200мың адам еңбекпен қамтылуы қажет.

Көргендер саны: 315
Жаңалықпен бөлісу