Қазақстан

Венгрия Қазақстанда ақылы жолдар жүйесін инвестициялауды жоспарлап отыр

28.06.2016 18:54

Венгрия Қазақстанда ақылы жолдар жүйесін инвестициялауды жоспарлап отыр. Бүгін брифинг барысында Қазақстанның Венгриядағы, Македониядағы және Сербиядағы елшісі Нұрбах Рүстемовосылай деді. Оның айтуынша, бұл елде интернет, ұялы телефон, терминалдар мен дүкенге дейін ақылы жолдар үшін төлем жасауға болады.  Мажарстан тарапы Қазақстанды осындай жүйені енгізуге қолайлы аймақ ретінде қарастыруда.

 

Нұрбах РҮСТЕМОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВЕНГРИЯДАҒЫ, МАКЕДОНИЯДАҒЫ ЖӘНЕ СЕРБИЯДАҒЫ ЕЛШІСІ:

Ол мәселе егжей-тегжейлі қарастырылып жатыр. Сараптамадан өтіп жатыр. Ұсыныс Венгрия тарапынан бар. Бірақ бұл жүйе Венгрияда жоғары деңгейде жұмыс жасап жатқанын айта аламыз.

 

Брифинг барысында елші Қазақстанның Венгрия, Сербия және Македония елдерімен саяси-әлеуметтік және сауда-экономикалық байланысына тоқталды. Сондай-ақ Нұрбах Рүстемов алдағы жоспарлармен де бөлісті. Оның айтуынша, биыл Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сербияға тұңғыш сапарымен бармақ. Оның аясында үкіметаралық комиссияның бірінші отырысын өткізіп, іскерлік кеңес құру жоспарлануда.

 

 

 

Сурет: ispaniagid.ru

Көргендер саны: 180
Жаңалықпен бөлісу