Қазақстан

Мәжілісте еліміздегі авиация қызметінің мәселелері талқыланды

28.06.2016 17:45

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында депутат Сапар Ахметов әуе билеттерінің қайтарылмауына қатысты мәселе көтерді. "Жолаушылар ұшаққа бір ай, екі ай бұрын арзанырақ  билет сатып алады, алайда қандай да бір жеке немесе қызметтік жағдайларына байланысты билеттен бас тартуға тура келсе ақшасын қайтара алмайды, - деді Ахметов. Оның айтуынша, алдын ала билет сатып алып, авиакомпаниялар жұмысын алдын ала кредиттеуге көмектесетін халық ақшасын қайтарып алуға да құқылы болуы керек. Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметовтың айтуынша, билеттердің қайтарылмауы - бұл авиакомпаниялардың өздерінің ішкі шешімі. «Жеңілдікпен немесе ең төменгі тарифпен билет сатып алғандар үшін негізінен 20-30 пайыздық айыппұл санкциялары қарастырылған болуы керек. Орташа тарифтер, шекті тарифтер болады, - дегенді алға тартты Сейдахметов.

 

Бекен СЕЙДАХМЕТОВ, ҚР ИДМ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қайтарылмайтын билеттерге қатысты ел халқынан көптеген шағымдар түседі.   Орташа тарифтер, шекті тарифтер деген болады. Осы тарифтермен билет сатып алғандар оны қайтарғанда айыппұл санкциялары алынбайтын болуы керек. Дегенмен, заң жобасында бұл мәселе қарастырылмаған.

 

 

 

Сурет: www.dailynews.kz

Көргендер саны: 219
Жаңалықпен бөлісу