Қазақстан

Бүгін байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні

28.06.2016 17:38

Бүгін байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні. Мамандарды атаулы күнмен құттықтаған сала басшысы Дәурен Абаев ендігі жерде тілшілердің мәртебесі артып, құқықтары жан-жақты қорғалатын болады дегенді алға тартты. Мемлекеттік құрылымдар тілшілерге есік ашып, ақпаратпен бөлісетін болады. Ал, журналистика факультеттерінде теориямен қатар практикалық пәндер саны артады деген да ақпарат айтылды. Жер-жердегі, атап айтсақ өңірлердегі бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту да өзекті мәселе. Мереке қарсаңында еңбегі жанған, мәртебесі артқан тілшілер тобы марапатталды. Олардың қатарында телеарналар мен баспасөз басылымдарының бас редакторлары және байланыс саласында көптеген жыл бойы тер төгіп жүрген қызметкерлер бар. Айта кетейік, елімізде 3000-ға жуық бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген.

 

Дәурен АБАЕВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС МИНИСТРІ:

Қоғам дамыған сайын адамның өміріндегі ақпараттың маңызы да барынша артып келе жатқанын өзіңіз жақсы білесіз. Әлемде бұрын-соңды болмаған үрдістер жүзеге асып,байланыс пен ақпарат өмірдің бар саласына тікелей ықпал етілді, көріп жүрсіздер. Осынау жаhандық тренд аясында Қазақстанның осы салалары да дамып келеді.

Көргендер саны: 172
Жаңалықпен бөлісу