Қазақстан

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелігіне үміткер

28.06.2016 12:05

Бүгін  БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты емес мүшесі сайланады. Бас Ассамблеяда жүйріктерді анықтайды. Азия-Тынық мұхиты аймағының өкілі ретінде Қазақстан да үміткерлер қатарында. Қарсыласымыз - Тайланд. Екі ел 2017-2018 жылдарға арналған бір орынды өзара сарапқа салады. 

 

Батысеуропалық және басқа да елдер тобынан 2 орынға Италия, Нидерланды және Швеция елдері таласады. Латынамерикалық мемлекеттер тобынан бір орынға жалғыз үміткер бар - Боливия. Африка елдері тобында 1 орынға жалғыз үміткер - Эфиопия. Осы жылдың 31 желтоқсанынан бастап Ангола, Малайзия, Венесуэла, Жаңа Зеландия және Испания мемлекеттері  Қауіпсіздік Кеңестегі орындарын босатады. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 15 мемлекет мүшелік етеді. Ұлыбритания, Қытай Халық Республикасы, Франция, Ресей Федерациясы және Америка Құрама Штаттары - Кеңестің тұрақты мүшелері. Одан бөлек 10 тұрақты емес мүше мемлекетті Бас Ассамблея екі жылға сайлайды. Уақыт айырмашылығана сәйкес кімнің тұрақты емес мүшелікке сайланғанын таң ата білетін боламыз.

 

 

 

Сурет: www.cisnews.org

Көргендер саны: 282
Жаңалықпен бөлісу