Колумбияда елдің құрлық әскеріне тиесілі МИ-17 тікұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан әуе көлігінінің ішіндегі 17 адам қаза тапты. Олардың 12-і әскерилер болса, қалған бесеуі - экипаж мүшелері. Колумбия құрлық әскерінің Бас қолбасшысы Альберто Мехианың хабарлауынша, тікұшақтың апатқа ұшырауына ауа-райының қолайсыздығы себеп болған. Ел президенті Хуан Мануэль Сантос осы оқиғаға байланысты үндеу жарлиялап, қаза болғандардың отбасына қайғыра көңіл айтты. Айта кетейік, Ресейде құрастырылатын МИ-17 тікұшағы әлемнің 20 елінің қорғаныс күштерінде кездеседі.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер