Қазақстан

БҚО-ның 1 мың 675 тұрғыны жыл аяғына дейін толығымен жаңа үйлерге көшеді

28.06.2016 11:50

«Қарашығанақ» кеніші санитарлық аумағының кеңеюіне байланысты Батыс Қазақстан облысының 1 мың 675 тұрғыны жыл аяғына дейін толығымен жаңа үйлерге көшеді. Қазір, Аралтал ауылында осы мақсатта әрқайсысы үш және төрт бөлмеден тұратын 100 үй салынып жатыр. Сәуір айында басталған жұмыстардың қазір ең қызған шағы. 100 үйдің құрылысын теңдей бөліп алған қос кәсіпорынның басшылары тұрғындар қоңыр күзде қоныс тойын тойлайды,- деп сендіріп отыр.

 

Аманжол КӨНЕЕВ,  МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ БАСШЫСЫ:

Қазір біздің компания кішкене өзіміздің срогымыздан алда келе жатырмыз 1-1,5 айға. Осы қарқынмен жұмыс істей берсек белгіленген мерзімнен кішкене ертерек тапсырып тастасақ па деген ойдамыз.

 

Айта кету керек, барлық құрылыс жұмыстары инвесторлар есебінен жүзеге асырылып жатыр. Қазір құрылыс алаңында 200-дей адам жұмыспен қамтылған. Баспана құрылысына қажетті материалдардың дені жергілікті өнімдер. Келешекте өзге де әлеуметтік нысандар салынады.

 

Ренато МАРОЛИ, ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КОМПАНИЯНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Біз Батыс Қазақстан облысы әкімдігімен тығыз жұмыс істесіп жатырмыз. Мына құрылыс алаңындағы қыз-қыз қайнаған жұмыс соның айғағы. 2016 жылы Березов пен Бестал ауылының тұрғындарын толық көшіріп алуымыз керек. 2017 жылы бұл жобалар толық аяқталады деп отырмыз. Құрылыс жұмыстары 13 мамырда басталды. Фундаментін құйып, тас қалап жатырмыз.

 

Жаңа баспаналарға бірінші кезекте әлеуметтік жағынан аз қамтылған  тұрғындар көшірілді. Яғни, бастапқы кезеңде көшірілген 82 отбасы  қазір Ақсайдағы 128 пәтерлік үйде тұрғып жатыр. Қос ауылдың қалған мың төрт жүзге тарта тұрғыны екінші кезеңде қамтылады.

 

 

 

Сурет: krisha.kz

Көргендер саны: 193
Жаңалықпен бөлісу