Қазақстан

Алматыда автоматтандырылған ақылы көлік тұрағы жұмысын бастады

28.06.2016 11:40

Алматыда заманауи ақылы көлік тұрағының пилоттық жобасы жұмысын бастады. Ол алдымен тәжірибе ретінде халық көп келетін көк базар аумағында енгізілді. Ақылы тұрақ кептеліс пен көлік ағынын реттеу үшін қолға алынып отыр, дейді қала басшылығы. Ақысы 1 сағат үшін 100 теңге.15 минут болса тегін. Мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі жандарда ақы төлемейді. Тұрақты бақылайтын бірнеше бейне камералар орнатылған. Ақы төлеуден жалтарған көлік иелері туралы мәлімет дереу ішкі істер департаментіне жіберіледі. Ал, төлем автоматты есептеуіш – паркомат арқылы жасалады. Тәжірибелік жобаның нәтижесі екі айдан кейін сараланып, қоғамдық кеңесте талқыланады. Әзірге қала тұрғындарының пікірі әрқилы. 

 

Әлібек АХМЕДОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Халыққа ыңғайсыз,біреудің ақшасы жетеді, біреудікі жетпейді. Сағатына 100 теңгеден өндіріп кетеді ғой. Алдындағы дұрыс еді. Келіп стоянчик қарап тұратын. Енді мынаны білмей төлемей кетсең тағы штраф салады. Кейбіреуі біледі. Кейбіреуі білмейді келіп қояды, кетіп қалады.

 

Сұлтан РУЗИЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Ой сондай жақсы болды, осы дұрыс. Әйтпесе басқа жақта орын жоқ.

 

 

 

Сурет: radiotochka.kz

Көргендер саны: 221
Жаңалықпен бөлісу