Қазақстан

Алматы облысында жер сілкінді

28.06.2016 09:04

27 маусым күні сағат 23:34 минутта «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансасы желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Қазақпарат.

 

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан шығысқа қарай 138 шақырым жерде орналасқан.

 

Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы - 9,2. Тербелісі - 4,3. Тереңдігі 10 км.

 

Жерасты дүмпуі Алматыда сезілмеді.

 

 

 

Сурет: inform.kz

Көргендер саны: 191
Жаңалықпен бөлісу