Қазақстан

ЕҚДБ Қазақстан өңірлерінде инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырады

27.06.2016 18:25

Еуропалық қайта құру және даму банкі Батыс Қазақстан мен Қызылорда облыстарының инфрақұрылымын жаңғыртуға қаржы бөледі. Алдын-ала келісім бойынша қаржы мекемесі Орал қаласының жылу жүйелерін жаңғыртуға 10 миллион еуро беру туралы келсімге келді. Ал, Қызылорда өңіріндегі "Қорқыт ата" әуежайында жаңа жолаушылар терминалын салып, инфрақұрылымын жетілдіруге 1,7 миллиард теңге несие беріледі.  Қос аймақтағы жобаларды жүзеге асыруға ел үкіметімен жергілікті әкімшіліктер де қаржы қарастыратын болады.

 

Қырымбек КӨШЕРБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 

Несие 13 жылға беріледі. Алдыңғы үш жылы демалыс. Жобаның 30 пайызын банк, 50 пайызын үкімет, 20 пайызын облыс көтеріп бірге үлкен жауапты жобаны іске асырамыз. Бұл бар жағынан тиісмді. Біздің бюджетке салмағы ауыр болмайды. Банк пен үкімет негізгі қаржыны өз жауапкершілігіне алып отыр.

 

ЕҚДБ Қазақстанға €6,7 млрд инвестиция құйды

 

Еуропалық банк Қазақстандағы жетекші инвесторлардың бірі саналады. Қаржы ұйымы ел үкіметімен кеңейтілген әріптестік туралы шекті келісімге қол қойғаннан кейін, инвестиция көлемін жылына 700 миллион еуроға дейін арттырды. Осы уақытқа дейін банк Қазақстанға 6,7 миллиард еуро қаржы құйған.  Бұл сома елімізде 215 ірі жобаның жүзеге асуына септігін тигізіпті.

 

Рафаэл БЕЛЛО,  ЕҚДБ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

 

Біздің банк тек соңғы үш жыл ішінде Қазақстан экономикасына 1,7 миллиард еуро инвестиция құйды. Бұл сома 3 жыл бұрын бөлінген қаржаттан 2 есе артық.  Бұндағы мақсат - елдегі экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, аймақтық интеграцияны дамыту. 

 

Сурет: www.kazinform.kz

Ілмектер
Көргендер саны: 181
Жаңалықпен бөлісу