Қазақстан

Қазақстандық туристердің демалысына кепілдік беріледі

27.06.2016 18:10

Қазақстандық туристердің шетелдегі демалысына енді отандық туристік операторлар кепіл береді. Осы мақсатта "Туристік қамқор"  корпоративтік қоры құрылды. Былтыр 300 мыңға жуық қазақстандық өзге елдерде демалса, биыл 200 мың адам сыртқа шығады деп болжанып отыр. Оған қаржы мәселесі ғана емес, бірқатар туроператорлардың банкротқа ұшырауы да себеп.

 

Инна РЕЙ, ҚР ТУРОПЕРАТОРЛАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 

Біріншіден, біз банктерді кепіл болуға жұмылдырмақшымыз. Екіншіден, туристік оператор әрбір туристің жолдама сатып алуға тапсырған ақшасының 0,5 пайзыны сақтап, қаржылық қор құрамыз. Егер кездейсоқ жағдай болып қалса, туристерді елге қайтару үшін осы ақшаны пайдаланамыз.

 

Жергілікті туроператорлардың шетелге шығам дейтіндерге ұсыныстары көп. Тізімде дәстүрге айналған Түркия курорттарымен қатар экзотикалық елдер де бар. Таңдау тек тұтынушының талғамына байланысты.

 

Инна РЕЙ,  ҚР ТУРОПЕРАТОРЛАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 

Түркия жерінде болып жатқан қақтығыстарға қарамастан, қазақстандықтардың көбі  басымдықты осы елге береді. Әрине, Біріккен араб әмірліктеріне барам дейтіндер аз емес. Өйткені бұл елде дем алу қымбат емес және қауіпсіз болып табылады. Сондай-ақ, біз қазір тұтынушыларымызға Грекия мен Болгария елдерін ұсынып жатырмыз. Бұл жерлердегі жағажайлар өте керемет. Экзотикалық елдерден таңдау көбіне Доминикана және Куба елдеріне түседі. Жолдамалары да қатты қымбат емес.

 

Айым Байжұманова, қала тұрғыны:

 

Енді мен, бірінші рет шетелге шыққалы отырмын. Әлі нақты қай елге баратыным белгісіз, енді Турция немесе Дубай деп ойланып отырмын. Осы жазда бір тамаша бір әсер алсам деймін. Басқа елдерге. Елді аралап көрейін деп.

 

Ішкі туризм дамуда

 

Шет мемлекеттерде тынығудан бас тартатындар отандық курорттарға басымдық беріп отыр. 

 

Айзере КӨНЕКЕЙ, ТУРИСТ:

 

Біз отбасымызбен Бурабайға, Көкшетау қаласына барайын деп жатырмыз. Бурабай бұл әлемде сирек кездесетін табиғаты тамаша демалатын орындардың бірі. Біз сол Бурабаймен мақтануымыз қажет және де сол арқылы өзімізде басқаларда осы отандық туризмді дамытуымыз қажет деп ойлаймын. Басқаларға да осыны айтқым келеді.

 

Демалыс үшін Қазақстанды таңдайтын шетелдіктер саны артуда

 

Жылдан жылға демалыс үшін Қазақстанды таңдайтын шетелдіктер саны да артуда. Өткен жылы бізге 100 мыңға жуық өзге елдің азаматы келіп, дем алды. Олар жағажай бойындағы курорттармен бірге елордамыз Астананы көруге құштар.

 

Анна АЙСЕНАР, ГЕРМАНИЯ АЗАМАТЫ:

 

Біз Германиядан Астана қаласын тамашалауға арнайы келдік. Біз қаланың өте әдемі болғанын естіп келген болатынбыз. Бізге Астана қаласы өте ұнап қалды. Біз мына тұрған Бәйтеректі көріп тамашалап шықтық, президенттің қолына қолмызды қойдық, фотоға түстік. Менің ойымша қала өте таза әрі әдемі сонымен қатар биік үйлері керемет көз тартарлық.

 

Сурет: palata.kz

Көргендер саны: 182
Жаңалықпен бөлісу