Қазақстан

Үш күнде ҰБТ-дан 11 оқушы 125 балл жинады

06.06.2016 14:51

Бүгінге дейін ұлттық бірыңғай тестілеудің үш күні өткізілді. 11 оқушы 125 балл жинады. Ал 100 балдан жоғары жинағандардың саны - 11 мың 350. Екінші және төртінші маусым аралығында тестілеуге 58 мыңнан астам түлек қатысқан. Үш күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзғандары үшін 31 оқушы тестілеуден қуылды. Оның 13-інен ұялы телефон тәркіленген. Тағы бірін емтихан материалдарын бүлдіргені үшін тест тапсыру залынан шығарып жіберген. 17 түлек тест сұрақтары жазылған кітапшаларды сыртқа алып шықпақ болған және кітапшаның беттерін ауыстыруға талпынған оқиғалар тіркелген. Ал тестілеудің екі күнінде Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 279 өтініш түскен. Оның ішінде 60 оқушының өтініші қанағаттандырылды.  

 

Сурет: yvision.kz

Ілмектер
Көргендер саны: 656
Жаңалықпен бөлісу