БҰҰ Астананы креативті қала деп атады - Kazakh TV

2016-шы  жылдың қазанында  Эквадор астанасы Китода Біріккен Ұлттар Ұйымының қалалар мен елдімекендерді тұрақты дамыту бойынша ғаламдық саммитін өткізу жоспарлануда. Форум ұйымдастырушылары қысқа мерзімде өркендеп келе жатқан қазақ астанасының даму тәжірибесіне үлкен қызығушылық танытуда. Әсіресе халықаралық сарапшылар Астананың инфрақұрылымы, сәулет өнері, сапалы ауыз су және азық-түлікпен қамтамасыз етілуіне ерекше сүйсінді. Осы тұрғыда 2017-ші жылғы ЭКСПО көрмесін Астанада өткізу "жасыл энергетиканы" ілгерілетіп, инновациялық және жоғары технологиялық идеялар мен жобаларға жан бітіретіні сөзсіз. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстан астанасын креативті және жайлы шаһар деп атады.

 

Ямина ДЖАКТА, БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ КЕҢСЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Астана қаласын дамытудағы жетістіктерге тәнтімін және мұның барлығы Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына сай келеді. Халықтың мүддесі бірінші орынға қойылған. Креативтілік көзге көрініп тұр. Қауіпсіздік те назардан тыс қалмаған. Жаңа шаһар мен ескі қаланың арасында үйлесім бар. Біздің зерттеулер урбандалу қарқынды жүріп жатқанын көрсетті. Қалаларда миллиардтаған адам тұрып жатыр. Осындай жағдайда қалалар қоршаған ортаның мүддесін аяқ асты етпей дамығаны өте маңызды. Сіздердің елордада 2017 жылғы ЭКСПО көрмесінің "Болашақ энергиясы" тақырыбында өткізілгенін құптаймыз. Экологияны қорғау үшін жаңартылатын энергия көздерін дамытудың мәні зор.

 

Тигран САМВЕЛЯН, АРМЕНИЯНЫҢ БҰҰ ЖАНЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Астана тарихының аз ғана екенін білемін. Осындай мерзімде опера театры мен Нью-Йоркте ғана кездестіруге болатын заманауи ғимараттар сияқты модерннен бастап классикалық үлгіні қамтитын нысандарды қалайша қаптатып салып тастауға болады.

 

 

 

Сурет: novostroyki.flatfy.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер