Инфляция үдерістерін жыл аяғына дейін тұрақтандыру, ұлттық валютаның айырбас бағамының күрт ауытқуына жол бермеу және екінші деңгейлі банктердің экономиканы несиелендіруін қамтамасыз ету. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк алдына осындай міндеттер қойды. Данияр Ақышев елбасыға 2015 жылдың қорытындысы бойынша есеп берді. Өткен жыл Қазақстан экономикасы үшін оңай болмады. Соған байланысты бас банкир ақша-несие саясаты түбегейлі өзгергенін айтты.  Бұл ретте 2016 жылы валюта, ақша және жалпы қаржы нарығында тұрақтану нышаны байқалып отыр. Ұлтты банк төрағасы орта мерзімді кезеңде ел тұрғындары мен кәсіпорындары үшін оң нәтижелер, соның ішінде несиелеудің жандануы күтіліп отырғанына назар аударды.

 

Данияр АҚЫШЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ:

2015 - айтарлықтай күрделі жыл болды. Осыған қарамастан биыл нарықтағы жағдайдың жақсарғанын байқап отырмыз. 2016 жылы инфляция мен валюта нарығындағы ахуал тұрақталды. Бірте-бірте экономиканы несиелендіру қайта жанданып келеді. Осыған орай, мемлекет басшысы нақты тапсырмалар берді. Инфляцияны жыл аяғына дейін тұрақтандыру, ұлттық валютаның айырбас бағамының күрт ауытқуына жол бермеу және екінші деңгейлі банктердің экономиканы несиелендіруін қамтамасыз ету қажет.

 

 

 

Сурет: akorda.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер