Мемлекеттік функцияларды нарыққа өткізуге дайындық жүруде

Мемлекеттік функцияларды нарыққа өткізуге дайындық жүруде. Қазіргі таңда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан азаматтық альянсы мемлекеттік органдардың бұған дайындығына талдау жүргізіп жатыр. Мәжілісте Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов осылай деді. Жыл сайын мемлекеттік органдар өзін-өзі реттеуші ұйымдар мен бәсекелес ортаға беретін функцияларын түгендейді. Өзін-өзі реттейтін ұйымдарға функцияларды берудің әдісі бар болғанымен, бәсекелес ортаға функцияларды өткізудің заңды тәртібі жоқ. Вице-министрдің айтуынша, тиісті заң жобасы әзірленуде. Мұнымен қоса, функцияларды мемлекеттік органдарға қайтарудың да нақты тәсілі белгіленбек.

 

Марат ҚҰСАЙЫНОВ, ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Мемлекеттік органдардың стратегиялық функциялары бәсекелестік ортаға берілмейді. Алғашқы кезеңде мемлекеттік органдардың стратегиялық, реттеуші, бақылау және жүзеге асыру функцияларына талдау жүргізіледі. Осының арқасында бәсекелес ортаға берілетін функцияларды анықтауды көздеп отырмыз. мемлекеттік органдар өзін-өзі реттеуші ұйымдар мен бәсекелес ортаға беретін қызметтерін мамырдың соңына дейін түгендейтін болады.

 

 

 

Фото: www.ank.kz