«Біз милиондаған Панфиловшылармыз!» халықаралық еске алу вахтасының штандарты Башқұртстан елінде табысталды. Ұлы Жеңіс мерекесінде Мәскеу түбіндегі ұрыстың қаһармандарына тағзым ету шаралары еліміздің бірқатар ірі шаһарларында өткенді. Енді қайсар бабаларымызды  ұлықтау Уфа қаласында жалғасын табады. Игі бастама қазақстанда құрылған 316 атқыштар дивизиясының 28 жаужірек жауынгер панфиловшылардың ерен ерлігіне 75 жыл толуына орай қолға алынып отыр.   Айта кету керек, халықаралық зерде вахтасы 2015 жылдың қазанында Орынборда жалауын көтерген. Кейін эстафетаны Челябі, Новосібір қалалары қабылдап алды. Еске алу штандарты Қырғызстан, Ресейдің бірнеше қалаларында өтеді.  Қайырымды ұрпақ жұмылған тың жоба 2016 жылы күзде Мәскеуде қорытындыланады. 

 

Айгүл БАЙҚАДАМОВА, ГЕНЕРАЛ ПАНФИЛОВТЫҢ НЕМЕРЕСІ:

 

Бұл игі шараға жарыстарды барынша көбірек тартуға тырысудамыз. Өскелең ұрпақ бойында батыр бабаларының қаны бар екенін ұғынуы тиіс. Отан үшін отқа түскен боздақтардың есімі мәңгілік сақталып қағаны абзал.  Өйткені қайсар жауынгер Панфиловшылар  бүгінгі бейбіт аспан үшін қасық қаны қалғанша жаумен айқасты. 

 

Сурет: www.volokolamsk-rayon.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер