Табиғат аясында өткен спорттық демалыс

Табиғат аясында өткен спорттық демалыс

Алматы облысында дәстүрлі "Тамғалы-тас" туристік маусымы басталды. Бұл күндері аймаққа  тәуекелі жоғары спортты серік еткендер мен биік шатқалдарға шығушы жүздеген саяхатшы келіп жатыр. Дәстүрлі шара "Тамғалы-тас" фестивалімен ашылды. Оған кәсіби шыңға өрмелеушілер мен спортшылар ғана емес қарапайым саяхатшылар мен студенттер де қатысуда. Мұнда маңыздысы жас айырмашылығы мен кәсіби шеберлігі емес  салауатты өмір салтына қызығушылық пен табиғатқа құштарлық және ең бастысы: талап пен жігер.

 

Ринат ХАЙБУЛЛИН, ЖАРТАСҚА ШЫҒУШЫ:

 

Фестивальге адамдар айрықша дайындалады. Өзара шеберлік байқасады. Екіншіден мұнда достармен кездесесін. Жалпы бұл шара салауатты өмір салтын қалыптастырумен бірге, табиғат аясында демалуға мүмкіндік береді.

 

Ескек есушілер де спорттық жарыстарға дайын. Көбі межелі нүктеге алғаш болып жету үшін шеберліктерін  шыңдап үлгерген.

 

Юлия НИЧКАСОВА, САЯХАТШЫ:

 

Жаттығу құрылғысы қажет емес. Осында келіп, спортпен шұғылдану арқылы табиғат аясында демалуға болады.

 

Табиғат аясындағы фестиваль спорттық сайыстарымен ерекше. Мәселен жартасқа шығушылар арасындағы жарысқа 280 адам қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Енді ұйымдастырушылар апта соңында "Ұлы дала" деген атаумен марафон өткізеді. Қатысушылар онда 15 тен 70 шақырымға дейінгі арақашықтықта жүгірмек. 

 

Сурет: shopomania.kz