Елорданы дамыту және EXPO-2017 көрмесіне дайындық жөніңдегі кеңес

Елорданы дамыту және EXPO-2017 көрмесіне дайындық жөніңдегі кеңес

Экспо-2017" көрмесін ұйымдастыру мен оны өткізу тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктері мен елордамыздың келбетін паш етуі тиіс. "Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  бас қаланы дамыту жайы мен "ЭКСПО-2017" көрмесіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте осылай деді. Айта кетейік, Астана өңірлер бойынша ішкі өнім өсімінің ең жоғары қарқыны бес пайыздық деңгейге қол жеткізген. Яғни, былтырғы көрсеткіш бойынша бүкіл Қазақстан экономикасы өсімінің 40 пайызын қамтамасыз еткен.    Шаһар басшысы Әділбек Жақсыбеков Елорданың әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштерімен бөлісті. Әкімінің есебі бойынша биыл қалада 18 мың жұмыс орны ашылған. Тұрғын үй құрлысы да қарқынды жүріп жатыр. Жыл соңына дейін шаһарда 2 млн шаршы метрге жуық  тұрғын үй салынбақ. Сөз арасында Президент Астанада балабақшамен қамту денгейінің төмен екенін айтып, салынып жатқан тұрғын үйлердің бірінші қабатында балабақша ашуды талап етті. 

 

Нұрсұлтан НАЗАРАБЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 

Здесь вот  все застройщики сидят мы им даем деньги.Кридиты даем. Строим. Надо потребовать, просто заставить указанным порядком первые этажы чтобы везде были детские сады. Ясно. Не надо стрить отдельные дворцы, подводить туда коммуникации, отопление и т.д. Сколько можно говорить уже 1750 000 квартир построили и сколько здании построили и где детский сад на первом этаже?

 

ЭКСПО 2017 көрмесіне 147 млн демеушілік қаражат тартылмақ

 

ЭКСПО 2017 көрмесіне 147 млн еуро демеушілік қаражат тартылмақ. Бүгіннің өзінде 244 млрд тенге инвестиция жұмсалып 5 мың жұмыс орны ашылды. Халықаралық көрмеге дайындық барысы пысықталған кеңесте Ахметжан Есімов осылай деп есеп берді. Оның айтуынша, көрме құрлысына отандық өндірушілерді белсене араластыру жұмыстары қарқынды жүруде. Қазір 256 қазақстандық кәсіпкермен 35 млрд тенгенің келісімі жасалды. Ұлттық компания басшысы көрмені тамашалуға жалпы саны 5млн-ға жуық адам келеді. Оның 85 пайызы қазақстандықтар болатынын айтты. Президент маңызды шарадан отандастарымыз қалыс қалмасын деп тапсырды. 

 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 

Туристер облыстардан Қазақстаннан келсін ең алдымен келіп көрсін елінде не болып жатқанын. Әр облыстан алдын ала адамдарды әкелетін кезегін жасау керек. Қайдан қай кезде кім келеді. әсіресе жастар.

 

Сурет: www.akorda.kz