Павлодарлық «Майдан жолы» патриоттық-іздестіру жасағы Мәскеуге аттанды. Мақсаттары – Волоколамск түбінде қиян-кесті ұрыс жүргізген әйгілі 316-шы атқыштар дивизиясы туралы ақпарат жинап, олардан қалған заттарды іздеу. Әрі жауынгерлердің зиратына ескерткіш белгі орнатып, боздақтардың рухына тағым ету. Айта кетейік, «Майдан жол» жасағының құрамында 9 сарбаз бар. Олар Ресей жерінде 20 күн бойы болады. Игі бастама Панфиловшылар дивизиясының 75 жылдығына орай қолға алынған.

 

Александр ШИТОВ, «МАЙДАН ЖОЛЫ» ПАТРИОТТЫҚ ЖАСАҒЫНЫҢ КОМАНДИРІ:

 

«Майдан жолы» жасағы іздеушілері ескерткіштің жанына қазақ жерінің топырағы салынған бұл капсула салынады. Бұл топырақ Павлодар қаласының бұрынғы теміржол вокзалы ғимаратының жанынан алынды. 1941 жылы дәл осы жерден ардагерлеріміз майданға аттанған. 

 

Сурет: vko.sud.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер