Қазақ тілін дамытатын әдістеме әзірленбек

Қазақ тілін дамытатын әдістеме әзірленбек

Қазақ тілін дамытудың жаңа әдістемесі әзірленбек. Бұл үшін Білім және ғылым министрлігі 2 бағыттағы жұмысты қолға алып отыр. Астанада өткен жиында  ведомство басшысы Ерлан Сағадиев осылай деді. Оның айтуынша, бірінші бағыт – тілді оқытуға қажетті жаңа технологиялары дайындау, ал екіншісі -  халықаралық  орталықтарда жергілікті тіл  мамандарының біліктілігін арттыру. Ол үшін Израиль, Германия елдерінің институттары және АҚШ-тың Гарвард университетімен келіссөздер жүргізіліпті.

 

Ерлан САҒАДИЕВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

 

Қазіргі таңда қазақ тілін беретін дұрыс әдістеме жоқ. Басқа тілдерде бар. Балаларымыз шетелге барып 5-6 айда ағылшын тілін керемет біліп келеді. Біздің мақсатымыз  - 2017 жылдан бастап қазақ тілін беретін әдістемені өзгерте бастау.

 

Алдағы 1-2 жылда қазақ тілін жылдам әрі тиянақты деңгейде үйренудің қажеттілігі арта түспек. Өйткені 2018 жылдан бастап елдегі барлық мектептерде Қазақстан тарихы пәні тек қазақ тілінде оқытылмақ.

 

Сурет: dixinews.kz