ТМД елдері СІМ басшылары кеңесінің отырысы өтті - Kazakh TV

Таулы Қарабақтағы шиеленіске орай ТМД –ның тең төрағалығындағы Қазақстан, Ресей мен Қырғызстан мәселені адам өліміне әкелетін әрекетке бармай, бітімге келуге шақырды. Бұл үшін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Минск тобы айқындаған ұстанымдар шеңберінде әрекет етудің маңызды екені айтылды. Мәлімдеме Мәскеуде өткен ТМД елдері ішкі істер министрлерінің кеңесінде жасалды. Басқосуда ортаға тасталған басты тақырыптардың бірі – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасына сәйкес ТМД–ны жандандырып, тиімділігін арттыру болды. Айта кететін жайт, биыл Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру туралы декларацияға қол қойылғанына 25 жыл толады. Құжат Алматыда бекітілген еді. 2016 жылы осы мерейтой аталып өтпек. Ал алқалы жиынның келесі кеңесі қыркүйектің 15 –інде Бішкекте өтетін болады.

 

Ерлан ЫДЫРЫСОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

 

Бішкекте өтетін басқосуда ТМД-ның жанданып, түрленуі үшін қажетті шешім шығармақпыз. Ал, бұл жолы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен жүздесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастыққа қатысты бірқатар мәселені талқыладық. Жақында аймақтық халықаралық форум өтпек. Ол кезде Қазақстанға Ресей президенті Владимир Путин де келеді. Екі елдің серіктестік аясы өте кең. Сондықтан біз үнемі туындаған мәселелерді екі жақтап тезірек шешіп отырамыз.

 

Сурет: primeminister.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер