Солтүстік Қазақстанда 33 жолға су жайылды. Соның ішінде, «Петропавл - Жезқазған» тас жолын су бұзып, Ғабит Мүсірепов пен Шал ақын аудандары арасындағы байланыс үзіліп, көлік қозғалысына шектеу қойылды. Қазіргі уақытта онда қиыршық тас жеткізіліп, айналма жол төселіп жатыр. Мамандардың айтуынша, жөндеу жұмыстарына шамамен 80 млн. теңгедей қаржы қажет. Бүгінгі таңда оның жобалық – сметалық құжаттар әзірлену үстінде. Жоспар бойынша, жол 2 айда қалпына келтірілуі тиіс. 

 

Владимир ДУДОВ, ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Еріген қар суынан Новоишимка ауылындағы арық та тасып, шеткі көшенің үйлеріне қауіп төнді. Сондықтан осындағы тас жолды бұзып, жиналған суды өзенге өткізіп жібердік. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Аудан бойынша бөгеттер салынып, алдын алу шаралары жасалды.

 

Қостанай-2 ауданындағы су арнасында қызыл судың өтіп кету қаупі бар. Соның алдын алу үшін төтеншеліктер қазір ол маңға техникаларын жұмылдырды. Бөгеттің осал жерлері құм толтырылған қапшықтармен бекітілуде. Уақтында қабылданған шаралардың арқасында жайылып кете жаздаған су дер кезінде бөгеліп, тұрғын үйлер  аман қалды. Бірақ  аққан су әлі де тоқтамай тұр. Зардап шеккендер жоқ. Су тасу қаупі бар  аймақтағы үйлерден бүгін таңертен 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді, олардың 8-і - бала. Бөгеттегі жағдай қазір жергілікті биліктің бақылауында. 

 

 

 

Сурет: www.nur.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер