ҰБТ қайта тапсыру құны бекітілді

ҰБТ қайта тапсыру құны бекітілді

Биыл мектеп бітірушілер Ұлттық бірыңғай тестілеуде шекті деңгейдегі баллды жинай алмаса, оны қайта тапсыра алады. Ол үшін талапкер 2242 теңге төлеуі тиіс. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтында жазылған. Тамыз айында еліміздегі барлық базалық жоғары оқу орындарында тестілеуді қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі. Яғни бітірушілер тестілеуді оқыту тілі, Қазақстан тарихы, математика және өзі таңдаған пән бойынша қайта тапсырады. Бұл ретте талапкер тұрғылықты мекен-жайына жақын орналасқан базалық жоғарғы оқу орнына өтініш жазып, орта мектепті немесе техникалық және кәсіптік білімі туралы құжаттар тапсыруы қажет. Ұлттық Бірыңғай Тестілеуді қайта тапсыруға болатын жоғары оқу орындарының тізімі Білім және ғылым министрлігі тарапынан айқындалады.

 

Сурет: vk.com