Ақтауда шоколад мұражайы ашылды. Мұнда келушілер тәттілерді сатып алып қана қоймай, оның шығу тарихымен де таныса алады. Сөрелерде тұрған шоколадтардың өзіндік ерекшелігі бар. Тәттілердің бетіне Маңғыстаудың көрікті жерлері бедерленген. Жоба өңірдің туризмін дамыту мақсатында қолға алынған.

 

Марина ЖИРКОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

Бұл жоба 4 жыл бойы ойымнан кетпеді. Өзімнің туған өлкемді саяхатшыларға ерекше жолмен танытқым келді. Мәселен, бұрындары қонақтар магнитка не жүннен жасалған кәдесыйларды алып кетіп жатса, енді біздің өнімге де назар аударатын болды.

 

Мұражай қонақтары шоколад дайындау барысын бақылай алады. Тіпті, келушілердің тәттілерді өз қолдарымен әзірлеп көруіне мүмкіндік бар. Ал кемтар сәбилер үшін шеберлік сағаттар тегін.

 

Людмила КУЛЕШОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мұндағы тәттілер жоғары сұрыпты какао ұнтақтарынан дайындалады екен. Сондықтан, сапасы жоғары, дәмі де тіл үйіреді. Әрі танымдық жағы мол. Әсіресе, шоколадтарда Маңғыстаудың көркі бейнеленгені таң қалдырды.

 

Тың жоба БҰҰ-ның «Даму» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Туристік әлеуетті көтеруді көздеген Марина Жирковаға пайызсыз қаражат бөлінген. Әзірге екі жүз түрлі пішінде құйылған шоколад мұражай сөрелеріне көрік беріп тұр. Келешекте олардың қатары толыға түспек.

 

 

 

Сурет: news.tut.by

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер